[«Gálá~xý-бокс: Әр бөлшектегі эксклюзивтілік» ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ]

[«Gálá~xý-бокс: Әр бөлшектегі эксклюзивтілік» Акция») жарнамалық акциясына қатысудың осы ережелері «SÁ~MSÚÑ~G ÉLÉ~CTRÓ~ÑÍCS~ CÉÑT~RÁL É~ÚRÁS~ÍÁ» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу ерікті және Акция қатысушылары келесі мекенжайлар бойынша жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») танысқанын және сөзсіз келісетінін білдіреді: ht~tps://é~s-ús-284f~cd07851162dá~d.gét~smár~tlíñ~g.cóm~/kz_k~z/ («Акция сайты»), соның ішінде доменнің барлық деңгейлері бар.]

 

[1.     Жалпы ережелер:]

[1.1. Ұйымдастырушы: «SÁMS~ÚÑG É~LÉCT~RÓÑÍ~CS CÉ~ÑTRÁ~L ÉÚR~ÁSÍÁ~», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Á05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 3-қабат;]

[1.2. Акцияны өткізу кезеңі: 2025 жылғы  5-31 наурыз аралығында, Алматы қ. уақытымен сағат 11:59 дейін.  дейін;]                              

[1.3. Акцияны өткізу қаласы: Қазақстан Республикасының барлық қалалары;]

[1.4. Акцияға қатысатын тауарлар: осы Ережелердің 1-Кестесінде көрсетілген, Акция сайтындағы Ұйымдастырушының SÁMS~ÚÑG Интернет-дүкенінде бар және сонда сатып алған барлық тауарлар («Тауар»).]  

 

[2.     Акцияға Қатысушы]

[2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»);]

[2.2. Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сонымен қатар Акцияны  ұйымдастыруға қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері Акцияға қатыса алмайды;]

[2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы.Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары  берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады;]

[2.4. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.]

[3.     Акцияның сипаттамасы және қатысу шарттары:]

[3.1. Осы Ережеге сәйкес Қатысушы осы Ережеде көзделген барлық шарттарды орындағаннан кейін төмендегі 1-кестеде көрсетілген сыйлықтардың бірін алу мүмкіндігіне ие.]

[3.2. Науқанға қатысу үшін Қатысушы Науқан мерзімі ішінде Науқанның сайтындағы 1-кестеде көрсетілген Тауарды сатып алуы және төмендегі 1-кестеде көрсетілгендей Ұйымдастырушыдан тиісті сыйлықты алуы керек.]

[1 Кесте:]

 

[2025 жылғы 5-31 наурыз аралығында, Алматы қ. уақытымен сағат 11:59 дейін;]                              

[ТАУАР]

[СЫЙЛЫҚ]

[SÁMS~ÚÑG  G~áláx~ý S25 Úl~trá 5G~ 256GB   смартфоны]

[títá~ñíúm~ jádé~gréé~ñ]

[Cróc~s Cás~é fór~ S25Ú (bó~ñé)
Gá~láxý~ Fít3 (S~ílvé~r)]

 

[____~____~____~____~____~____~____~____~____~____~____~____~____~____~____~____~____~____~____~____~]

[[1] Осы Акция аясындағы әрбір Сыйлық Науқан сайтында себетте 10 (он) теңгеден жүзеге асырылады....]

 

[4.           Сыйлық]

[4.1.  Сыйлық 1-кестеге («Сыйлық») сәйкес сатып алынған тауарға байланысты науқанға қатысушыға арналған Sáms~úñg тауар белгісімен тауар болып табылады.]

[4.2.  Әрбір қатысушы акция шеңберінде 1 (бір) тауарды сатып алған кезде 1 (бір) сыйлықтан артық ала алмайды.]

[4.3.  Сыйлықтың түсі мен моделі оның болуына байланысты және акцияның ресми сайтындағы суреттен өзгеше болуы мүмкін.]

[4.4.  Сыйлықтарды жеткізу тапсырыс расталған және интернет-дүкенде төленген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жеткізу ұйымдастырушының есебінен жүзеге асырылады.]

[4.5.  Сыйлықтар саны шектеулі. Сыйлықтар ақшалай қаражатқа немесе өзге де тауарларға айырбастауға жатпайды. Науқанға қатысушы сыйлық алудан бас тартуға құқылы, бұл ретте қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражат/ өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.]

[4.6.  Акцияны өткізу кезеңінде қандай да бір себептермен немесе өзге де себептермен тапсырылмаған, оның ішінде қатысушының бас тартуы себебінен науқанға қатысушыға жеткізіле алмаған сыйлықтар талап етілмеген деп танылады. Талап етілмеген сыйлықтарды Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша сақтамайды және пайдаланады.]

[4.7.  Қағидалар талап етілмеген сыйлықтарды сақтауды және оларды осы Қағидаларда көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін талап ету мүмкіндігін көздемейді.]

[4.8.  Сыйлық науқанға қатысушыға берілген сәттен бастап, соңғысы оның кездейсоқ жоғалу және/немесе бүліну қаупіне өзі жауапты болады.]

[4.9.  Тауар қайтарылған жағдайда сыйлық қайтарылуға жатады. Тауарды қайтару және айырбастау акция сайтында тауарларды сатып алу-сату және ұйымдастырушының қызметтерін/ жұмыстарын көрсету/орындау туралы жария шартқа сәйкес жүзеге асырылады.]

[4.10.       Осы Қағидаларда көзделген барлық шарттар орындалған жағдайда сыйлық алу үшін қатысушы:]

[- қатысушыны сәйкестендіру және растау үшін жеке басын куәландыратын құжатты / тұруға ықтиярхатты ұсыну;]

[- жеткізу парағын / түгендеу жүкқұжатын толтыру және қол қою;]

 [- фото / видео түсірілімге келісімге қол қою;]

[-  қолында сыйлықты ұстап фотоға түсу.]

[4.11.       Қатысушы Акцияға қатысу құқығынан айырылады және мұндай жағдайларда сыйлық алуға үміткер бола алмайды:]

[- акцияның қандай да бір шарттарын бұзу;]

 [- тауарды қайтару кезінде;]

 [- қатысушының дәйексіз / дұрыс емес деректерін ұсынған кезде;]

[-  ұйымдастырушы / серіктес қатысушымен 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде байланыса алмаған жағдайда;]

[- алаяқтық немесе өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасау фактілері анықталған кезде;]

[-  жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынудан бас тартқан кезде.]

 

  [5.  Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері]

[5.1. Акцияға қатысушының Құқықтары:]

[˗         Осы Ережелермен танысу;]

[˗         Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;]

[˗         Көпшілік ресурстар мен Акция сайтындағы коммуникация арналарында Акцияны өткізудің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;]

[˗         Акция сайтында осы Ережелерге өзгерістер енгізілуі туралы ақпарат алу;]

[˗         Акцияның Ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;]

[˗         Осы Ережелерге сәйкес сыйлық беруді талап ету.]

[5.2.  Акцияға қатысушының міндеттері:]

[˗         Ережелерді ұстану, с.б. осы Ережелерде анықталған мерзімде Акцияға қатысумен байланысты барлық әрекеттерді орындау;]

[˗         Акцияға қатысумен байланысты барлық шығындарды көтеру, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындары және тағы басқа;]

[˗         Алдын ала тапсырыс кезінде енгізген деректердің нақтылығы, толықтығы мен дұрыстығына толық жауапкершілік көтереді;]

[˗         Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.]

[6. Акция Ұйымдастырушысының Құқықтары мен міндеттері]

[6.1.  Ұйымдастырушының құқықтары:]

[˗         Акцияны өткізу кезеңі ішінде Акцияның сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;]

[˗         Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды және де мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрата алады;]

[˗         Ұйымдастырушы Акцияның осы Ережелерінде қарастырылған барлық құқықтар мен ҚР қолданыстағы заңнамасын қолданады;]

[˗         Осы Ережелердің барлық шарттарын дұрыс және толықкөлемді орындамаған Акция Қатысушысына бонустық балдарды беруден бас тарту;]

[˗         4.1. т. көрсетілген Осы Ережелердің барлық шарттарын толық көлемді және дұрыс орындамаған Қатысушыға Сыйлық беруден бас тарту;]

[˗         Осы Ережелерді ұстанбау фактісі анықталған жағдайда Акция қатысушысына Сыйлық беруден бас тартуға құқылы.]  

 

[6.2 Ұйымдастырушының міндеттері:]

[˗         Ережелерде анықталған мерзімде Акцияны өткізумен байланысты Ережелерді ұстану, барлық әрекеттерді орындау;]

[˗         Ережелермен сәйкес Акцияны өткізуді қамтамасыз ету;]

[˗         Акция қатысушыларына Акция Сайты немесе таңдалған коммуникация арналары арқылы Акцияны өткізу Ережелері туралы ақпарат беру;]

[˗         Осы Ережелердің  4.1 т. сәйкес барлық шарттарын дұрыс орындаған барлық Акция қатысушыларына Акция шеңберінде Сыйлықтар беру.]   

  [7.  Басқа шарттар]

[7.1.Қатысушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы және осы Ережелерде бекітілген құқықтары мен міндеттері бар.]

[7.2. Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлық алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады.]

[7.3. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Акцияға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады.]

[7.4. Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды.]

[7.5. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға / Жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / Жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.]

[7.6.  Акцияны орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін, Қатысушыдан жеке куәлігі және оның көшірмесі сұратылуы мүмкін.]

[7.7.  Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін бермеуге, сонымен қатар басқа да кез келген ақпаратты заңға қайшы мақсаттарда немесе Акцияға байланысы жоқ басқа да мақсаттарда табыстамауға міндеттенеді.] 

[7.8. Акцияны өткізудің барлық мәселелері бойынша Акцияның Ережелеріне қатысты Ұйымдастырушы қабылдаған барлық шешімдер соңғы болып саналады.] 

[7.9.  Ұйымдастырушы өз міндеттерін телекоммуникациялық, энергетикалық желілердің, залалды бағдарламалардың, сонымен қатар үшінші тұлғалардың қасақана бағдарламалық және/немесе аппараттық кешенге рұқсатсыз қол жеткізіп істен шығаруға бағытталған әрекеті нәтижесі болып табылатын себептерден өз міндеттерін орындамағаны немесе толықтай орындамағаны үшін жауапкершілік көтермейді.]

[7.10.Ұйымдастырушы Акция шеңберінде өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін үшінші тұлғаларды қатыстыруға құқылы.] 

[7.11. Егер кез келген уақытта Ұйымдастырушы ойға қонымды және заңды негізде Жеңімпаз, әлеуетті Жеңімпаз және (немесе) Қатысушы шектетілсе, қатысу талаптарына сәй келмесе, осы Ережелерді бұзса немесе Ұйымдастырушы оның әрекетін қандай да бір тұлғаны қорлайтын, әділетсіз, қауіп төндіретін, заңсыз немесе тіл тигізуге, қиянат көрсетуге, қауіп төндіруге бағытталғанын анықтаса, Ұйымдастырушы осындай Жеңімпазды немесе әлеуетті Жеңімпазды және (немесе) Қатысушыны онымен хабарласса, оның аты қандай да бір жерде көрсетілсе немесе жарияланса да қатысудан шектету құқығын өзіне қалдырады.]

[7.12. Осы Ережелердің кез келген қағидаларының  жалғандығы немесе оны орындау мүмкіндігінің болмауы осы Ережелердің басқа қағидаларының қолданылуына немесе орындау мүмкіндігіне әсері жоқ. Егер қандай да бір қағида жалған немесе қолдануға болмайтын немесе заңсыз болса, қалған Ережелер жалған немесе заңсыз қағидалар болмағандай қолданылып жалғастырылады және шарттына сәйкес түсіндіріледі.]

[7.13. Егер кез келген тұлға жалған ақпарат беріп заңға қайшы жолмен қатысып немесе сыйлық алу үшін осы Ережелерді бұзған жағдайда Ұйымдастырушы осы тұлғаны қатысудан шектетіп, келтірілген шығынды өтеуді талап ете алады.]

[7.14. Осы интернет-сайт және оның мазмұны ақпараттық сипатта ұсынылған және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабының қағидаларымен анықталған жария оферта болып табылмайды. Құрылғының нақты түсінде айырмашылықтар болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.]

[Акцияға қатысты кез келген мәселелер бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс деректеріне хабарласыңыз:]

[Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:]

 [7700– Қазақстанның кез келген байланыс операторынан қоңырау шалу тегін.]