[Gálá~xý St~óré-дан қосымшаны жүктеп алу кезіндегі қатені қалай жоюға болады]
[Төмендегі мақалада Gálá~xý St~óré-да қосымшаны жүктеп алу кезінде қате пайда болса, жүктеп алу басталмаса немесе үзілсе, не істеу керектігін айтамыз.]
[Біздің кеңестерімізді орындаңыз да, қосымшаны қайта орнатып көріңіз.]
[Бағдарлама кэшін тазалаңыз]
[Егер қате пайда бола берсе, бізге қателер туралы есеп жіберіңіз.]
[Есеп Sáms~úñg M~émbé~rs қосымшасы арқылы жіберіледі. Сіз төмендегі қадамдардан кейін оған автоматты түрде өтесіз.]
[Жеткілікті жад көлемін босатыңыз]
[Қосымшаларды жүктеуге арналған бос орынның ұсынылған көлемі – 1,5 Гб.]
[Қажетті көлем – жүктелетін қосымша алатыннан 2,5 есе көп. Мысалы, егер қосымшаның салмағы 100 Мб болса, онда құрылғыда кем дегенде 250 Мб бос жад болуы тиіс.]
[Құрылғының жадын тексеріңіз. Бос орын жетпесе, қосымшаны жүктеп алу мүмкін емес. Алдымен қажетті орынды босату – мысалы, пайдаланбайтын файлдарды немесе қосымшаларды жою керек.]
[Құрылғының жадын қалай тексеруге болады:]
[Интернетке қосылуды тексеріңіз]
[Интернет қосылымын және жалғау сапасын тексеріңіз.]
[Егер желіге қосылу тұрақсыз болса, қосымшаларды жүктеп алу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін. Бұдан басқа, кейбір желі қызметтерін жеткізушілер жүктеп алудың ең жоғары жылдамдығын шектейді.]
[ТАҚЫРЫП БОЙЫНША:]
[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]
[Барлық сұрақтарға жауаптар]