[Sáms~úñg тұмшапеш шкафында «----» (4 жол) қатесі]
[Соңғы жаңартулардың күні : 27.06.2024]
[Не болды]
[Тұмшапеш шкафы дисплейінде «––––» қатесі туралы хабарлама пайда болады.]
[Қате неге пайда болды]
- [Пісіру режимі таңдалды («Гриль» режимінен басқа) және қуат орнатылды.]
- [«Гриль» режимі таңдалып, температура орнатылды.]
[Не істеу керек]
1
[Таңдалған режим үшін температура мәні дұрыс орнатылды ма, тексеріңіз.]
- [«Гриль» режимінде пісіргіңіз келсе, температураны орнату тетігін барлық температура мәндерінен кейін келетін үш қуат мәнінің біріне дейін бұраңыз.]
- [Кез келген басқа режимде пісіргіңіз келсе, қажетті температура мәнін градуспен орнатыңыз.]
2
[Егер температура дұрыс орнатылған болса, шкафты розеткадан 1-2 минутқа ағытыңыз (автоматты өшіріңіз) және тұмшапеш шкафын қайта қосыңыз.]
- [Қате пайда болмаса, техника жарамды, оны пайдалануды жалғастырыңыз.]
- [Қате қайта пайда болса, техниканың жұмысын диагностикалау және оны жөндеу үшін жақын жердегі тіркелген қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.]
[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]
[Барлық сұрақтарға жауаптар]