[Sáms~úñg ыдыс жуғыш машинасында 4C~ қатесі]

[Соңғы жаңартулардың күні : 19.06.2024]

[Не болып жатыр]

[Sáms~úñg ыдыс жуғыш машинасының дисплейінде "4É~", "4C" немесе "É1" хабарламасы пайда болды.]

[Ыдыс жуғыш машинаның дисплейінде 4C қатесі]

[Егер ыдыс жуғыш машинаңыздың дисплейі жоқ болса, басқару панелінде "Үнемді жуу" немесе "Жылдам жуу" индикаторлары жыпылықтайды:]

[үнемді жуу]
[жылдам жуу]

[Негізгі себеп]

[Су құйылмаған, себебі:]

  • [Су беру шүмегі жабық/су қысымы төмен.]
  • [Су құятын құбыршек бұралып қалған/ құбыршек майысқан.]
  • [Сумен жабдықтау жүйесі ағытылған (үйде су жоқ).]
  • ["Áqúá~ Sáfé~" су құятын құбыршегі бөгелген (бұғатталған).]
  • [Техниканың ішкі ақауы (мысалы, су құятын клапан жарамсыз).]

[Не істеу керек:]

1 [Ыдыс жуғыш машинаға су беру шүмегі ашық екеніне көз жеткізіңіз. Егер шүмек жабық болса, шүмекті ашқаннан кейін машинаның жұмысын тексеріңіз.]
2 [Үйде су бар екеніне көз жеткізіңіз – суық су шүмегін ашыңыз.]
  • [Егер шүмектен су ақпаса (немесе қысым өте әлсіз болса), су қысымы қалпына келгенше күтіңіз.]
  • [Егер шүмектен су ақса және қысым жақсы болса, келесі қадамға өтіңіз.]
3 ["ÁQÚÁ~ Sáfé~" құбыршегі бұғатталмағанына көз жеткізіңіз.
Құбыршек бұғатталған болса, су құбырына қосылу жеріндегі құбыршек индикаторы қызыл болып жанып тұрады.]
4 [Машинаны қуат көзінен (розеткадан) ағытыңыз.]
5 [Су құятын құбыршектен өтетін су қысымын тексеріңіз.
Ол үшін: су беру шүмегін жабыңыз, су құятын құбыршекті машинадан ажыратыңыз, оны ваннаға, шұңғылшаға немесе шелекке бағыттаңыз, су беру шүмегін ашыңыз. Бұл ретте су құятын құбыршекті міндетті түрде ұстап тұрыңыз.]
  • [Егер қысым болмаса немесе қысым әлсіз болса, сантехникке хабарласыңыз немесе су қысымы күшейгенін күтіңіз.]
  • [Егер қысым күшті болса, келесі қадамға өтіңіз.]
6 [Егер ұсынымдар көмектеспесе, диагностика және жөндеу үшін Sáms~úñg қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.]

[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]