[Sáms~úñg кір жуғыш машинасының дисплейінде 5É~, 5C, É2 қателері]

[Соңғы жаңартулардың күні : 19.06.2024]

[Не болды]

[Кір жуғыш машинаның дисплейінде "", "5C" немесе "É2" қате туралы хабарлама пайда болды]

[Sáms~úñg кір жуғыш машинасының дисплейінде 5É~, 5C, É2 қателері]

[Дисплейі жоқ үлгілерде барлық жуу режимдерінің индикаторлары және төменнен екінші температура индикаторы жанады.]

[Дисплейі жоқ Sáms~úñg кір жуғыш машинасындағы қате индикаторы]

[Қате нені білдіреді¿]

[Машинадан су ағызылмайды.]

[Қате неге пайда болды¿]

  • [Су ағызатын құбыршек майысқан, басылған немесе бітеліп қалған (көбінесе бітелу үй жануарлары жүнінің су ағызатын құбыршекке түсуінен болады, бұл су ағызу мүмкіндігін бөгейді);]
  • [Кәріз бітелген;]
  • [Машина ішіндегі құбыршектер бітелген;]
  • [Су ағызатын сүзгі немесе су ағызатын сорғы бітелген;]
  • [Су ағызатын сорғы жұмыс істемейді;]
  • [Су ағызатын құбыршек тым ұзын (ұзартылған бөлікпен бірге ол 3 метрден асса, онда су ағызатын сорғының су ағызуға күші жетпейді – оның қуаты жеткіліксіз болады);]
  • [Машинада су қатып қалған (егер машина нөлден төмен температурада сақталса).]

[Әрі қарай не істеу керек]

1 [Машинаны еркін су ағызумен іске қосыңыз:]
  1. [Кір жуғыш машинаны розеткадан ағытыңыз;]
  2. [Су ағызатын құбыршекті кәрізден (сифоннан, құбырдан) ажыратыңыз. Су ағызатын құбыршек ұзартылған болса, ұзартылған бөлікті алып тастаңыз;]
  3. [Су ағызатын құбыршектің ұшын ваннаға немесе шұңғылшаға салыңыз. Су ағызатын құбыршекте бүгілген жерлер жоқ екеніне көз жеткізіңіз;]
  4. [Машинаны қосып, "Шаю + Сығу" режимін іске қосыңыз (кірсіз және ұнтақсыз).]

[Егер су ағып кетсе, судың ағып кетуіне жол бермейтін кәріздегі (сифондағы, құбырдағы) бітелуді тазалаңыз. Осыдан кейін машинаны кәрізге қосыңыз.]

[Егер су ағып кетпесе, келесі қадамға өтіңіз.]

2 [Машинаны розеткадан ағытыңыз.]
3 [Су ағызатын құбыршектің орналасуын тексеріңіз. Ол тегіс, иілусіз орналасуы керек. Егер иілулер бар болса, оларды жойыңыз.]
4 [Апаттық ағызу арқылы суды ағызып, су ағызатын сүзгіні тазалаңыз.]
5 [Машинаны "Шаю + Сығу" режимінде іске қосыңыз.]

[Егер қате пайда болмаса, машинаны пайдалануды жалғастырыңыз, бәрі жақсы.]

[Қате қайта пайда болса, құрылғының жұмысын диагностикалау үшін Sáms~úñg қолдау қызметіне немесе жақын жердегі тіркелген қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.]

[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]