[Sáms~úñg ыдыс жуғыш машинасында É~2 қатесі]

[Соңғы жаңартулардың күні : 26.06.2024]

[Не болып жатыр]

[Ыдыс жуғыш машинаның дисплейінде «É2» немесе «5C» қате коды пайда болады.]

[Sáms~úñg ыдыс жуғыш машинасының дисплейінде É~2 және 5C қателері]

[Себебі]

[Ыдыс жуғыш машинадағы ағызу мәселесі:]

  • [су ағызатын құбыршек бүгілген,]
  • [сүзгі бітеліп қалған,]
  • [кәріздегі бітелу,]
  • [су ағызатын сорғы жарамсыз.]

[Егер ұзартылған бөлігі бар су ағызатын құбыршектің ұзындығы 4 метрден асса, қате орын алуы мүмкін (DW үлгілері үшін - 3 метр). Бұл жағдайда су ағызатын сорғының қуаты ыдыс жуғыш машинадан суды ағызу үшін жеткілікті болмайды.]

[Не істеу керек]

1 [Ыдыс жуғыш машинаны электр қуат көзінен ажыратыңыз.]
2 [Су ағызатын құбыршекті тексеріңіз.]
  • [Егер ол қатты бүгілген болмаса, оны түзетіп, бүгілу пайда болмайтындай етіп орналастырып көріңіз.]
  • [Құбыршектің қатты бүгілуі немесе механикалық зақымдалуы болса, оны жаңасымен ауыстырыңыз.]
3 [Ыдыс жуғыш машинаның түбіндегі сүзгілеу жүйесін тексеріп, қажет болса тазалаңыз.]
4 [Су ағызатын құбыршекті кәрізден ажыратып, оны шұңғылшаға немесе үлкен ыдысқа бағыттаңыз.]

[Егер құбыршектің ұзартылған бөлігі болса, оны ажыратыңыз.]

5 [Бос су ағызуы бар кез келген ыдыс жуу циклін іске қосыңыз.]
  • [Қате пайда болмаса, машина жарамды.]
  • [Қате қайта пайда болса – ыдыс жуғыш машинаны жөндеу қажет, тіркелген қызмет көрсету орталығына хабарласуды ұсынамыз.]

[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]