[Sáms~úñg Á~ír Dr~éssé~r бу шкафының дисплейіндегі «Қақты кетіру қажет» хабарлама]

[Соңғы жаңартулардың күні : 06.03.2025]

[«Désc~álíñ~g Réq~úíré~d»/«Қақты кетіру қажет» хабары нені білдіреді]

[Қақты кетіру функциясын іске қосу қажет.]

[Қақты не үшін кетіру керек]

[Бұйымның өнімділігін арттыру және қызмет ету мерзімін ұзарту үшін қақты үнемі кетіріп тұру керек.]

[Егер хабар шыққаннан кейін бірден қақ кетіру жасалмаса, онда кейбір функциялар қолжетімсіз болып қалуы мүмкін.]

[Қақтың пайда болуын азайту үшін шкафқа дистилденген немесе кері осмос сүзгісімен тазартылған суды құйыңыз.]

[Қақты қалай кетіру керек]

[Қақты кетіру барысында діріл және шу пайда болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай,  құрылғының ақаулығы емес.]

1 [Есікті ашып, шкафтан барлық заттарды алыңыз.]
2 [«Гигиена» және «Кептіру» түймелерін 3-5 секунд бойы басып тұрыңыз.]
3 [Толтыру және ағызу резервуарынан суды толығымен ағызыңыз.]
4 [Өндірушінің ұсынымдарына сәйкес қақты кетіруге арналған затты сұйылтыңыз (ұсынымдар қаптамада көрсетілген).]
5 [Ерітіндіні толтыру резервуарына MÁX (МАКС.) белгісіне дейін құйыңыз. Есікті жабыңыз.]
6 [«Бастау/Үзіліс» түймесін 3-5 секунд басып тұрыңыз. Қақты кетіру процесі басталады.
Егер дисплейде «Суды ағызыңыз» деген хабар пайда болса, есікті ашып, ағызу резервуарынан суды ағызыңыз.]
7 [Дисплейде «Суды қосыңыз/ағызыңыз» хабары пайда болған кезде, екі резервуардан да суды ағызыңыз да, оларды жақсылап жуыңыз.]
8 [Толтыру резервуарына таза суды MÁX (МАКС.) белгісіне дейін құйыңыз, содан кейін резервуарларды орнына орнатыңыз.]
9 [Дисплейде «Судың бар екендігі тексерілді» хабары пайда болғанда, «Бастау/Үзіліс» түймесін басып тұрыңыз.
Егер дисплейде «Суды ағызыңыз» деген хабар пайда болса, есікті ашып, ағызу резервуарынан суды ағызыңыз.]
10 [Қақты кетіру бағдарламасы аяқталған кезде резервуарларды жақсылап жуыңыз. Содан кейін ағызу резервуарынан суды ағызып, толтыру резервуарына су құйыңыз.]

[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]