[Sáms~úñg тоңазытқышының есігін ашу бағытын қалай өзгертуге болады]
[Кейде тоңазытқышты ауыстыру, оны жөндеу және т.б. кезінде есігін алу немесе оны ашу бағытын өзгерту қажет болуы мүмкін. Тоңазытқыштың есігін ашу бағытын өзгерту жөніндегі нұсқаулықты төменде қараңыз. Толық ақпаратты пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз немесе клиенттерге қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.]
[Қажетті құралдар]
[Жиынтыққа кірмейді] |
[Қосымша бөлшек] |
---|---|
[Жалпақ оймакілтегі бар бұрағыш] [Айқышты бұрағыш] [11 мм сомын кілті] [8 мм бүйірлі кілт] [5 мм ішкі бүйірлі кілт] |
[Топса қақпағы] [Есік қақпағы] |
[Орындау тәртібі]
- [Тоңазытқыштың есігін ашу бағытын өзгертпес бұрын тоңазытқышты қуат көзінен ажыратып, ішіндегісінің бәрін алып тастаңыз.]
- [Сол қақпақты кішкентай бұрағышпен бұрап алыңыз.]
- [Топса қақпағын кішкентай бұрауышпен сырт еткізіп, алыңыз. Абайлаңыз, қақпақты бүлдіріп алмаңыз.]
- [Сымдар бөлігінің қақпағын және есіктің қақпағын алып тастаңыз.]
- [Қаптаманы ағытыңыз.]
[Ескертпе. Тоңазытқыштың есігі ауыр. Оны алу кезінде жарақат алмау үшін абайлаңыз.]
- [Сымдар жалғағышын ағытыңыз.]
- [Жоғарғы топсадағы 2 бұраманы бұрап алыңыз.]
[Ескертпе. Сымды бүлдірмеу үшін абайлаңыз.]
- [Тоңазытқыштың есігін ортаңғы топсадан алып тастаңыз.]
- [Ортаңғы топсаны 5 мм бүйірлі кілтті (2 бұранда) және айқышты бұрағышты (1 бұрама) пайдалана отырып шешіңіз.]
- [Мұздатқыш камераның есігін төменгі топсадан алып тастаңыз.]
- [Бітеуіштің орнын өзгертіңіз.]
[Ескертпе. Бітеуішті ауыстырғанда абайлаңыз, есікті сызып алмаңыз.]
- [Есікке зақым келтірмеу үшін оны қауіпсіз жерге қойыңыз.]
- [Автоматты жабудың тетікті механизмін және тоңазытқыш есігі мен мұздатқыш камерасының астындағы бұрамалардын орналасуын ауыстырыңыз.]
[Ескертпе. Жарақат алмау үшін абайлаңыз.]
- [Төменгі топса мен аяқтарын ауыстыру үшін тоңазытқышты ақырындап артқы қабырғасына қойыңыз.]
- [Бұрамалар бітеуіштерінің қалпын өзгертіңіз.]
[Ескертпе. Тоңазытқышты бүлдірмеу үшін абайлаңыз.]
- [5 мм бүйірлі кілтті және айқышты бұрағышты пайдаланып, ортаңғы топсаны орнатыңыз.]
[Ескертпе. Ортаңғы топсадан майлауды сүртпеңіз.]
- [5 мм бүйірлі кілтті пайдаланып, ортаңғы топсаны орнатыңыз.]
[Ескертпе. Есікті ашу немесе жабу кезінде шамалы шу пайда болуы мүмкін.]
- [Төменгі топса пен аяғының қалпын өзгертіңіз.]
- [Есік сымдарын қарама-қарсы жаққа ауыстырып қойыңыз.]
[Ескертпе. Жарақат алмау үшін абайлаңыз.]
- [Тоңазытқышты қалыпты тік қалпына қойыңыз.]
- [Есіктің қақпағын орнатыңыз.]
- [Тоңазытқыш есіктері мен мұздатқыш камера нығыздағыштың қалпын өзгертіңіз.]
- [Тоңазытқыш пен мұздатқыш камераның нығыздағыштарын ажыратыңыз, 180°-ға бұрып, қайта бекітіңіз.]
- [Сымдар бөлігінің қақпағын салыңыз.]
- [Жоғарғы топсаны орнатыңыз.]
[Ескертпе.]
- [Есік нығыздағыштары дұрыс қалпында екеніне көз жеткізіңіз. Әйтпесе, құрылғының жұмысқа қабілеттілігіне әсер етуі мүмкін шудың немесе конденсаттың пайда болуы ықтимал.]
- [Есік ауыр. Жарақат алмау үшін абайлаңыз.]
- [Әрекетті кем дегенде екеулеп істеген дұрыс.]
- [Сымдар жалғағышын қосыңыз.]
- [Сымды салыңыз.]
- [Басқару тұтқасын орнатыңыз.]
[Ескертпе. Есікті ашу бағытын өзгерту әрекетінен кейін тоңазытқышты бірден қоспаңыз – кем дегенде бір сағат күтіңіз.]
[Ескертпе.]
- [Бұл әрекетті екеулеп істеген дұрыс.]
- [Егер бұл мүмкін болса және заңмен талап етілсе, қосар алдында электр қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қажет.]
[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]
[Барлық сұрақтарға жауаптар]