[Қосымшалар фондық режимде ажыратылса, не істеу керек]
[Телефоныңыздағы қосымшалар күту режимінде ажыратылса (мысалы, экран сөнгеннен кейін бір минуттан соң музыка өшсе), қосымшалардың ұйқы режиміне өтуіне тыйым салу керек.]
[Кейбір қосымшалар, мысалы, «ВКонтакте», «Яндекс.Музыка» және т.б. фондық режимде жұмыс істеу үшін жазылымды сатып алуды қажет етеді.]
[Нұсқаулықты орындамас бұрын, осы қосымшаларға жазылым төленгеніне көз жеткізіңіз.]
[Мына ұсынымдарды орындаңыз:]
- [«Баптаулар» > «Қосымшалар» мәзірін ашыңыз.]
- [Үш нүктені басып, «Арнайы рұқсат құқықтары» тармағын таңдаңыз.]
- [«Шығынды оңтайландыру» тармағын таңдаңыз.]
- [Тізімнен қажетті қосымшаны тауып, функцияны өшіріңіз.]
- [«Баптаулар» > «Қосымшалар» мәзірін ашыңыз.]
- [Тізімнен қажетті қосымшаны таңдаңыз.]
- [«Батарея» тармағын таңдаңыз.]
- [«Фондық әрекетке рұқсат беру» қосыңыз.]
[Сізде Áñdr~óíd 11 болса:]
- [«Баптаулар» > «Құрылғыға қызмет көрсету» мәзірін ашыңыз.]
- [«Батарея» > «Фондық режимдегі шектеулер» > «Ұйқы режиміндегі қосымшалары» тармағын таңдаңыз.]
- [Сізге қажет қосымша осы тізімде болса, үш нүктені, содан кейін «Қосымшаларды жою» тармағын басыңыз.]
- [Қажетті қосымшаны тізімнен жойыңыз.]
[Сізде Áñdr~óíd 10 болса:]
- [«Баптаулар» > «Құрылғыға қызмет көрсету» мәзірін ашыңыз.]
- [«Батарея» > «Энергияны тұтынуды бақылау» > «Ұйқы режиміндегі қосымшалар» тармағын таңдаңыз.]
- [Сізге қажет қосымша осы тізімде болса, жоғарғы оң жақ бұрыштағы себет белгішесін басыңыз.]
- [Қажетті қосымшаны тізімнен жойыңыз.]
[Сізде бұрынғы Áñdr~óíd нұсқасы болса:]
- [«Баптаулар» > «Құрылғыға қызмет көрсету» мәзірін ашыңыз.]
- [«Батарея» > үш нүкте > «Фондық режимдегі шектеулер» > «Ұйқы режиміндегі қосымшалар» тармағын таңдаңыз.]
- [Сізге қажет қосымша осы тізімде болса, жоғарғы оң жақ бұрыштағы себет белгішесін басыңыз.]
- [Қажетті қосымшаны тізімнен жойыңыз.]
[Басқа қосымшалардың жұмысына әсер ететін оңтайландыру қосымшалары орнатылған болса, оларды өшіріңіз.]
[Баптауларды арылту құрылғыңыздағы барлық деректерді жояды.]
[Арылтудан бұрын барлық маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасауды қатаң ұсынамыз.]
[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]
[Барлық сұрақтарға жауаптар]