[Камераны пайдалан кезде «Камера ақауы. Температура тым жоғары» қатесі шықса, не істеу керек]
[Қате неге пайда болады¿]
[Ойындар, стримингтік сервистер немесе онлайн бейнелер сияқты кейбір қосымшалар смартфонның барлық ресурстарын іске қосады. Әсіресе оларды ұзақ уақыт пайдалансаңыз. Батареяның қуаты тезірек жұмсалады және құрылғы қатты қызып кетуі мүмкін.]
[Сонымен қатар, смартфон қоршаған ортаның сыртқы жағдайларына байланысты қызуы мүмкін (жоғары температурада ұзақ пайдалану, тікелей күн сәулесінің немесе жылыту аспаптарының әсері).]
[Смартфон қызғанда, оның функциялары мен өнімділігі шектелуі мүмкін немесе смартфон қатты қызып кетуден зақымдануды болдырмау үшін дербес ажыратылуы мүмкін.]
[Не істеу керек¿]
[Телефон температурасының төмендеуі үшін экран жарықтылығы мен өнімділігі шектеледі, ал аккумуляторды зарядтау тоқтатылады. Құрылғы суығанда қосымшаларды іске қосуға болады. Ол уақытқа дейін тек шұғыл қоңыраулар ғана қолжетімді.]
[Сондықтан «Камера» қосымшасы құрылғының жалпы температурасы тым жоғары болғанда өшірілуі мүмкін. Біраз уақыттан кейін смартфон суып, камераны қайта пайдалана аласыз.]
[Бұл ақаулық па, әлде қалыпты ма¿]
[Смартфонды қарқынды жүктеме кезінде қызып тұруы – бұл қалыпты жағдай, өйткені ол электронды компоненттерден тұрады.]
[Егер смартфон қызып кетсе, біраз уақыт күте тұрыңыз, сосын қайтадан қосымшаларды пайдалана аласыз.]
[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]
[Барлық сұрақтарға жауаптар]