[Gálá~xý S10 камерасының функциялары]
[S10 желісі смартфондарының камераларында кез келген уақытта кәсіби сапалы фото түсіруге мүмкіндік беретін бірқатар жетілдірілген сипаттамалар бар.]
[«Кескінді оңтайландыру» функциясы нысандарды анықтап таниды және фотолардың сапасын автоматты түрде жақсартады.]
[S10 желісі смартфондарына 10 жаңа опция режимі қосылып, олардың жалпы саны 30-ға жетті.]
[Жаңа режимдердің арасындағы ерекшесі: «Бет», «Бала», «Мысық» және «Ит».]
[«Портрет» функциясы (бұрынғы «Жанды фокс» функциясы) таңғаларлық, көркем фотолар жасауға мүмкіндік беретін әртүрлі бұлыңғыр әсерлерді қамтамасыз етеді.]
[S10 интеллектуалды камерасындағы жаңа бағдарламалық жасақтама фотолар композициясын жақсартуға мүмкіндік береді.]
[Ең алдымен, «Фото ұсынымдары» фукциясын қолмен белсендіру керек. Осыдан кейін келесі рет түсірген кезде композиция құрастырғанда экранда белгілеулер пайда болады және камера ең жақсы нұсқаны тапқан бойда автоматты түрде фото түсіреді.]
[S10 және S10+ үлгілерінің үштік негізгі камерасы ультра кең шолу бұрышына (123°) ие, соның арқасында алынған кескін адам көзі көретінге ұқсас болады. Бұл ерекшелік сонымен қатар одан да үлкен панорамалық фотоларды түсіруге мүмкіндік береді.]
[S10 желісі смартфондарында алдыңғы үлгілердегіден екі есе ұзағырақ бейнелер жасауға болады.]
[Енді түсірілген бейненің 0,8 секунды 27 секундқа дейін ойнатылады.]
[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]
[Барлық сұрақтарға жауаптар]