[Смартфонда немесе планшетте аккумуляторды қалай дұрыс зарядтау керек және басқа да жиі қойылатын сұрақтар]
[1. Сатып алғаннан кейін батареяны бірнеше рет толығымен тауыстыру және зарядтау керек пе¿]
[Жоқ, мұны істеудің қажеті жоқ, өйткені Sáms~úñg заманауи L~í-Íóñ~ немесе Lí-Pó~l аккумуляторларын пайдаланады. Оның үстіне, толығымен тауыстыру осы типтегі аккумуляторлар үшін зиянды. Сондықтан құрылғыны қалыпты пайдаланудағыдай зарядтаңыз.]
[2. Қандай зарядтау құрылғысын қолдану керек]
[Sáms~úñg түпнұсқа зарядтау құрылғыларын қолданған дұрыс. Смартфонды сапасыз зарядтау құрылғысымен зарядтасаңыз, бұл аккумулятордың зақымдалуына және мерзімінен бұрын тозуына әкелуі мүмкін.]
[3. Аккумуляторды зарядтау кезінде телефонды, смартфонды немесе планшетті пайдалануға болады ма¿]
[Аккумуляторды зарядтау кезінде құрылғыны пайдалануға болады, бірақ бұл зарядтау процесін баяулатады.]
[4. Құрылғыны қалай тез зарядтауға болады]
[Құрылғыны өшірілген күйінде зарядтаңыз.]
[5. Алдымен нені өшіру керек: зарядтағышты розеткадан ма, құрылғыны зарядтағыштан ба¿]
[Бәрібір, ыңғайлығына қарай өшіріңіз.]
[6. Құрылғы немесе зарядтағыш қызады]
[Зарядтау кезінде құрылғы қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және құрылғының өнімділігіне немесе қызмет ету мерзіміне әсер етпейді. Аккумулятор әдеттегіден артық қызып кетсе, зарядтау құрылғысы жұмысын тоқтатуы мүмкін.]
[7. Телефонды ұзақ уақыт бойы зарядтауда қалдыруға болады ма (мысалы, түн бойы)¿]
[Иә, болады. Заманауи смартфондар 100% жеткенде зарядты қабылдауды тоқтатады, нәтижесінде қызып кетпейді.]
[8. Телефонда қандай заряд деңгейін ұстау керек¿]
[Құрылғыдағы заряд деңгейін 20 және 80% аралығында ұстаңыз. Телефонды нөлге немесе толығымен өшкенге дейін тауыстырмауға тырысыңыз. Аккумуляторда заряд әрқашан болса, ол азырақ тозып, ұзақ қызмет етеді.]
[9. Телефонды суықта зарядтауға болады ма¿]
[Смартфонды 10° төмен температурада зарядтамағаныңыз жөн – бұл аккумулятордың тез тозуына әкеледі. Құрылғыны сырттан әкелген болсаңыз, ол бөлме температурасына дейін жылығанша күтіңіз, содан кейін ғана оны зарядтауға қосыңыз.]
[10. Телефонымды пайдаланбасам, оны зарядсыз қалдыра аламын ба¿]
[Смартфонды ұзақ уақыт пайдалануды жоспарламасаңыз, оны 50-70% дейін зарядтап, өшіріңіз. Телефонды заряды толығымен таусылған немесе зарядталған аккумулятормен сақтамаңыз – бұл оның жұмыс сапасына теріс әсер етеді.]
[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]
[Барлық сұрақтарға жауаптар]