[Sáms~úñg G~áláx~ý-ге қосылған құлаққаптарда дыбыс өте төмен болса, не істеу керек]
[Құлаққаптар сіздің кез келген жағдайда: көшеде, үйде, жолда немесе кеңседе бейнелерді көруге, музыканы және басқа аудио мазмұнды тыңдауға мүмкіндігіңіз болғанына арналған. Ойнатып жатқан ақпараттан ештеңені жіберіп алмау үшін ол жеткілікті дыбыс қаттылығымен айтылу керек.]
[Дыбыс қаттылығы аудио құрылғыға да (бұл жағдайда смартфонға) да, құлаққаптардың өзіне де байланысты болуы мүмкін. Оларды таңдаған кезде келесі сипаттамаларға назар аудару керек:]
- [Сезімталдық. Ол неғұрлым жоғары болса, құлаққаптардың дыбысы соғұрлым қатты болады.]
- [Қарсылық. Егер бұл көрсеткіш 32 Ом-нан жоғары болса, мұндай құлаққаптар смартфондармен тікелей пайдалануға жарамайды, бірақ оларды портативті күшейткіш арқылы қосуға болады.]
- [Амбушюрлар. Олар ыңғайлы киюді және шуды басудың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуі керек.]
[Sáms~úñg G~áláx~ý смартфонымен құлаққаптарды пайдаланған кезде төмен дыбыс мәселесіне тап болсаңыз, келесі ұсынымдарды орындап көріңіз:]
[Сымды құлаққаптарды пайдалансаңыз, олардың телефондағы ағытпаға қосылымын тексеріңіз.]
- [Істікше толығымен салынбаса, дыбыс дұрыс берілмейді. Құлаққап істікшесін шығарып алып, қайта салыңыз.]
- [Құрылғыдағы керек-жарақтар құлаққап істікшесін толығымен салуға кедергі келтіруі мүмкін. Тысқапты шешіп, құлаққаптарды қосыңыз.]
- [Телефон ағытпасын тексеріңіз – оған шаң немесе ұсақ қоқыс түсіп, құлаққапты қосуға кедергі келтіруі мүмкін. Ағытпадан қоқысты шығару үшін оған қатты үрлеңіз немесе шаң бөлшектерін тіс тазалағышпен ақырын алыңыз.]
[Сымсыз құлаққаптарды пайдалансаңыз, шуды басу режимінің жұмысын тексеріңіз.]
[Ол өшірілген кезде қоршаған орта дыбыстары (көлік шуы немесе адамдардың дауысы) анық естілетін болады, ал телефондағы музыка тыныш немесе мүлде естілмейтін болады. Шуды басу режимінің баптауларын құлаққаптар нұсқаулығынан анықтуаға болады.]
Телефон экранын бұғаттаудан ашыңыз және дыбыс деңгейін көтеру түймесін басып тұрыңыз.]
- [Экранда ешқандай хабарлама пайда болмаса және дыбыс деңгейі шкаласы толығымен толы болса, келесі қадамға өтіңіз.]
- [Экранда "Дыбыс деңгейі шегіне жетті" хабарламасы пайда болса, ондағы Параметр басып, бұғаттау функциясын өшіру үшін сырғытпаны басыңыз. Шектеуді толығымен өшірмеуге болады, бірақ оның дыбыс деңгейін сәл көтере аласыз – Реттелмелі дыбыс шегі сырғытпасын оңға қарай қажетті мәнге дейін жылжытыңыз.]
[Немесе Параметрлер > Дыбыстар мен діріл > Дыбыс деңгейі тармағын ашыңыз, содан кейін жоғарғы оң жақ бұрыштағы үш нүктені басыңыз және Мультимедиа дыбыс деңгейін шектеу тармағын таңдаңыз.]
Мысалы, музыка тыңдап жатсаңыз, басқа қосымшада немесе браузерде бейнені ашып, ойынды іске қосып көріңіз.]
- [Егер дыбыс тек бір қосымшада тыныш болса, оның баптауларын тексеріңіз, ол жерде дыбыс деңгейі баптауы болуы мүмкін.]
- [Егер дыбыс барлық қосымшаларда тыныш болса, келесі қадамға өтіңіз.]
- [Егер басқа құлаққаптарда дыбыс қатты болса, бірінші құлаққаптарға бірдеңе болып, олар ақаулы болуы мүмкін..]
- [Басқа құлаққаптардағы дыбыс та тыныш болса, келесі қадамға өтіңіз.]
Қолжетімді жаңартулар болса, оларды орнатыңыз. Кейбір жаңартулар міндетті және құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.]
[Тақырып бойынша:]
Кейбір қосымшалар телефон функцияларының жұмысына әсер етуі мүмкін. Қауіпсіз режимде тек жүйелік қосымшалар жұмыс істейді, барлық бөгде қосымшалар өшірілген.]
Телефон барлық орнатылған баптауларды арылтуды орындайды. Дербес деректер мен сақталған файлдар телефон жадында қалады.]
[Толығымен арылту құрылғыңыздағы барлық деректерді жояды.
Арылтудан бұрын барлық маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасауды қатаң ұсынамыз.]
[Баптауларды толығымен арылтуды орындағаннан кейін дыбыс әлі де тыныш болса, смартфонның жұмысын диагностикалау үшін жақын жердегі тіркелген қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.]
[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]
[Барлық сұрақтарға жауаптар]