[Sáms~úñg G~áláx~ý-де қосымшаның ескі нұсқасын қалай қайтаруға болады]

[Соңғы жаңартулардың күні : 20.12.2024]

[Қосымшаның ескі нұсқасын не үшін қайтарады]

[Жаңа мүмкіндіктерді қосу және қателерді түзету үшін әзірлеушілер қосымшаларды жаңартып тұрады. Бірақ кейде жағымсыз тосынсыйлар болады: жаңартудан кейін қосымша ұнамайды, іске қосылмайды немесе дұрыс жұмыс істемейді.]

[Тақырып бойынша:]

[Мұны түзету үшін қосымша нұсқасын зауыттық нұсқаға қайтарады – жаңартуларды жояды.]

[Жаңартуларды зауытта орнатылған жүйелік қосымшалардан ғана жоюға болады. Жүктелген – өзіңіз жүктеп алған қосымшалардан жаңартуларды жоя алмайсыз.]

[Жаңартуларды жойғаннан кейін қандай нұсқа болады]

[Жаңартуларды жойғаннан кейін соңғының алдындағы нұсқа емес, зауытта орнатылған нұсқа қалпына келтіріледі.]

[Зауыт смартфонға 1.0 нұсқалы Góóg~lé Ch~rómé~ қосымшасын орнатқан. Біраз уақыттан кейін қосымша 2.0 нұсқасына, сосын 3.0 нұсқасына, сосын 4.0 нұсқасына жаңартылды. Жаңартуларды жойсаңыз, қосымша нұсқасы 3.0 емес, 1.0 болады.]

[Қосымша Góóg~lé Pl~áý арқылы қайта жаңартылса, 4.0 нұсқасы орнатылады.]

[Жүктелген қосымшаның жаңартуларын жою қажет болса, не істеу керек]

[Жалғыз амал – ағымдағы нұсқаны жою, интернетте ескі нұсқаның орнатушы файлын табу, оны орнату және қосымшаны бұдан былай жаңартпау. Бірақ абай болыңыз және шешімді жақсы ойланып қабылдаңыз: қосымша вирус болып шықпайтынына ешкім кепілдік бермейді.]

[Жаңартуларға байланысты мәселелерден өзіңізді қорғау оңай: қосымшаларды автоматты түрде жаңартуды өшіріңіз және оларды жаңартпаңыз немесе пікірлерді оқығаннан кейін қолмен жаңартыңыз.]

[Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады] [Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады]

[«Баптаулар» ашып, «Қосымшалар» тармағын таңдаңыз («Қосымшалар диспетчері» деп аталуы мүмкін).]

[Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады] [Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады]

[Нұсқасын зауыттық нұсқаға дейін қалпына келтіргіңіз келетін қосымшаны таңдаңыз]

[Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады] [Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады]

[«Жаңартуларды жою» батырмасын басыңыз.]

[Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады] [Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады]

[Жаңартуларды, файлдарды және қосымша баптауларын жою үшін ÓK немесе «Жою» басыңыз.]

[Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады] [Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады]

[Дайын. Қосымшаның зауыттық нұсқасы қалпына келтірілді.]

[Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады]

[Жаңартулардан басқа, барлық қосымша деректері жойылады: баптаулар мен файлдар. Қосымша оны бірінші рет іске қосқандағыдай болады.]

[Егер мұндай батырма жоқ болса, алдымен «Опциялар» басыңыз (оң жақ жоғарғы бұрышта үш нүкте сияқты көрінуі мүмкін), содан кейін «Жаңартуларды жою» батырмасын басыңыз.]

[«Опциялар» немесе «Жаңартуларды жою» батырмалары жоқ болса немесе оларды басу мүмкін болмаса, онда: а) зауыттық нұсқа әлдеқашан орнатылған; б) бұл жүйелік қосымша емес.]

[Қосымшаның ағымдағы және соңғы нұсқасын қайдан көруге болады]

[Қосымшаның ағымдағы нұсқасын мына жолмен көруге болады: Баптауларқажетті қосымшаны таңдау беттің төменгі жағына айналдыру.]

[Қосымшаның соңғы нұсқасы Góóg~lé Pl~áý-де берілген. Оны көру үшін Gó~óglé~ Pláý~-де қажетті қосымшаны тауып, «Толығырақ» немесе көрсеткіні басыңыз, содан кейін «Нұсқа» тармағына дейін төмен айналдырыңыз.]

[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]