[Графикалық кілтті, пин-кодты немесе құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, Sáms~úñg G~áláx~ý құлпын қалай ашуға болады]

[Соңғы жаңартулардың күні : 22.05.2025]

[Егер сіз PÍÑ кодын, құпия сөзді немесе сызбаны ұмытып қалсаңыз, бұл мақала смартфонның немесе планшеттің құлпын ашуға көмектеседі. Егер сіз S~ámsú~ñg Gá~láxý~ экранының құлпын аша алмасаңыз, алдымен мына қадамдарды орындаңыз:]

1 [Құрылғыда орнатылған құлыптау түріне байланысты келесі әрекеттерді орындаңыз:]
  • [Биометрика-бет немесе саусақ ізі.]

[Егер биометрика оқылмаса, смартфонның құлпын көмекші жолмен ашыңыз: PÍÑ кодын, құпия сөзді немесе графикалық суретті енгізіңіз.]

[Құрылғының құлпын ашу мәселесін болдырмау үшін ескі деректерді жойып, оны қайта орнатыңыз.]

  • [PÍÑ-коды, құпиясөз немесе графикалық сурет.]

[Егер сіз PÍÑ-кодын, құпиясөзді немесе үлгіні енгізген кезде смартфонның құлпы ашылмаса, келесі нұсқаулыққа өтіңіз.]

2 [Құрылғыны қайта іске қосыңыз.]

[Кейде бағдарламалық жүйеде PÍÑ-кодын, құпиясөзді немесе графикалық кілтті тану кезінде тіпті егер сіз оны дұрыс енгізсеңіз де ақаулар болуы мүмкін.]

[Ақаулықтарды жою үшін құрылғыны міндетті қайта іске қосыңыз:]

  • [Қуат және Дыбыс деңгейін төмендету пернелерін бір уақытта он секунд басып тұрыңыз (алғашқы үлгілерде тек Қуат түймесі). Телефон ескертусіз және бірден қайта іске қосылады.]
  • [Егер сіз өшіру және қайта жүктеу мәзірін көрсеңіз, бұл түймелерді дұрыс уақытта ұстамағаныңызды білдіреді.]

[Егер смартфон қайта іске қосылғаннан кейін мәселе шешілмесе, келесі нұсқаулыққа өтіңіз.]

3 [Егер алдыңғы әдістер көмектеспесе, деректерді қалпына келтіріңіз — құрылғыдан барлық файлдар мен параметрлерді және олармен бірге грфикалық кілтті, пин-кодты, құпиясөзді немесе саусақ ізін жоясыз.]

[Деректер қалпына келтірілгеннен кейін телефон біраз уақыт жүктелуі мүмкін. Кейде бұл шамамен бір сағатқа созылуы мүмкін.]

[Егер сіз қалпына келтіруді өзіңіз жасай алмасаңыз, тіркелген қызмет көрсету орталықтарының біріне жүгіне аласыз.]


[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]