[Sáms~úñg G~áláx~ý-де қауіпсіз қалтаның сақтық көшірмесін қалай жасауға болады]

[Соңғы жаңартулардың күні : 19.12.2024]

[Телефон сынған немесе жоғалған жағдайда қауіпсіз қалтаның (Kñóx~ қалтасының) мазмұнын жоғалтпау үшін оның сақтық көшірмесін Smár~t Swí~tch көмегімен – жад картасына немесе компьютерге сақтауға болады.]

[Бұлт қоймасында Kñóx~ қалтасының сақтық көшірмесін қалай жасауға болады]

[Егер сіз бұрын жасаған болсаңыз, бұлтты қоймадан сақтық көшірмені қалпына келтіруге болады. Бұлтқа жаңа көшірме жасау қазіргі уақытта қолдау көрсетілмейді.]

[Жаңа көшірмені сақтау үшін төмендегі басқа әдістерді қолданыңыз.]

[Kñóx~ қалтасының көшірмесін қалпына келтіру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:]

[1-қадам. Параметрлерді ашып, қауіпсіздік және құпиялылық (Биометрия және қауіпсіздік) бөліміне өтіңіз.]

[2-қадам. Kñóx~ қалтасы тармағын таңдаңыз (Қорғалған қалта).]

[3-қадам. Мұрағаттау/қалпына келтіру түймесін басыңыз.]

[4-қадам. Қалпына келтіру бөліміне өтіп, Қалпына келтіру түймесін басыңыз.]

[SD картасында немесе сыртқы дискіде Kñ~óx қалтасының сақтық көшірмесін қалай жасауға болады]

[Smár~t Swí~tch көмегімен K~ñóx қалтасының сақтық көшірмесін S~D картасына немесе сыртқы дискіге (мысалы, ÚSB~ флешкасы немесе сыртқы қатты диск) сақтауға болады.]

[Назар аударыңыз:]

[ÚSB дискісін телефонға қосу үшін сізге Ó~TG адаптері қажет болуы мүмкін.] 

[SD картасын немесе ÚS~B дискісін телефонға қосып, Smá~rt Sw~ítch~ қолданбасын іске қосыңыз. Егер қолданба құрылғыда орнатылмаған болса, оны Gálá~xý St~óré дүкенінен жүктеп алыңыз. Содан кейін жоғарғы оң жақ бұрыштағы S~D картасының белгішесін түртіңіз.]

[Келесі қадамдарды орындаңыз:]

[1-қадам. Сақтық көшірмені сақтағыңыз келетін құрылғыны таңдаңыз.]

[2-қадам. Басқа элементті белгілеп, Келесі түймесін басыңыз.]

[3-қадам. Қолданбалар бөліміне өтіңіз.]

[4-қадам. Kñóx~ қалтасын таңдап, Дайын түймесін басыңыз.]

[5-қадам. Көшіргіңіз келетін деректерді белгілеңіз немесе барлығын таңдаңыз. Содан кейін Сақтық көшірме тармағын басыңыз.]

[6-қадам. Kñóx~ қалтасының көшірмесін растау үшін Келесі түймесін басыңыз.]

[Компьютерде Kñóx~ қалтасының сақтық көшірмесін қалай жасауға болады]

[Smár~t Swí~tch бағдарламасын компьютерге жүктеп, орнатыңыз.]

[Компьютерде Smár~t Swí~tch іске қосыңыз және оған Ú~SB кабелі арқылы смартфонды қосыңыз. Содан кейін келесі әрекеттерді орындаңыз:]

1 [Телефон экраны құлыптаулы болса, оның құлпын ашыңыз.]
2 [Компьютердегі қолданбада Сақтық көшірме тармағын таңдаңыз.]
3 [Қолданбалар бөлімінде Kñóx~ қалтасына құсбелгіні қойыңыз, содан кейін Сақтық көшірме түймесін басыңыз.]
4 [Смартфондағы Kñóx~ қалтасынан құпиясөзді енгізіңіз.]
5 [Сақтық көшірмеге кіру үшін қажет құпиясөзді орнатыңыз және ÓK түймесін басыңыз.]

[Деректерді тасымалдау аяқталғанға дейін кабельді ажыратпаңыз.]

[Дайын. Сақтық көшірме компьютерде сақталады.]

[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]