[Sáms~úñg G~áláx~ý-де GPS~ арқылы мекенжайды қалай қосуға болады]
[Мекенжай (орналасу) функциясы әртүрлі қолданбаларда қолданылады. Оның көмегімен сіз:]
- [навигаторды машинада қолдана аласыз,]
- [сізге жақын орналасқан жерлерді картадан қарай аласыз,]
- [такси шақырта аласыз,]
- [жаттығу бағытын қадағалай аласыз,]
- [фотосуретте геолокацияларды орналастыра аласыз,]
- [аймағыңыздағы ауа-райын және т.б. біле аласыз.]
[Функция белсенді болған кезде қолданбалар GPS арқылы орналасқан жеріңіз туралы деректерді ала алады.]
[Орынды анықтау мүмкіндігін екі жолмен қосуға (немесе өшіруге) болады:]
- [Жылдам параметрлер мәзірі ("перде") арқылы,]
- [телефон параметрлері арқылы.]
[Сізге ыңғайлы әдісті таңдап, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.]
[Жылдам параметрлер мәзірі арқылы орынды анықтауды қалай қосуға немесе өшіруге болады]
[Бұл әдіс Áñdr~óíd Ó~S кез келген нұсқасы бар құрылғылар үшін бірдей болады.]
[Егер жылдам параметрлер тақтасында Орналасу белгішесі болмаса, ол жасырын болуы мүмкін.]
[Телефон параметрлері арқылы орынды анықтауды қалай қосуға немесе өшіруге болады]
[Орынды анықтау мүмкіндігін қосу жолы Áñdr~óíd Ó~S нұсқасына байланысты болады. Құрылғыдағы амалдық жүйенің нұсқасы туралы ақпаратты телефон параметрлерінен көруге болады. Мұны қалай жасау керектігі туралы "Sám~súñg~ Gálá~xý смартфонында немесе планшетінде Áñ~dróí~d нұсқасын қалай білуге болады" мақаласынан оқыңыз.]
[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]
[Барлық сұрақтарға жауаптар]