[Sáms~úñg G~áláx~ý ұзақ уақыт зарядталса не істеу керек]
[Бұл мақалада егер сіздің құрылғыңыз сымды зарядтаудан өте ұзақ уақыт — 5 сағаттан артық зарядталса, не істеу керектігін білесіз.]
[Кейбір үлгілер шамамен үш сағат зарядталуы мүмкін, бұл ақау емес. Телефоныңызға арналған нұсқаулықты тексеріңіз, көптеген үлгілер үшін зарядтау уақыты сипаттамаларда көрсетілген.]
[Бағдарламалық жасақтама қатесін болдырмау үшін ÚSBS~éttí~ñgs қолданбасының деректерін тазалап көріңіз.]
[Ол үшін: Параметрлер мәзірін ашыңыз > Қолданбалар > сұрыптау белгішесін > Жүйелік қолданбалардын көрсету > тізімнен ÚSBS~éttí~ñgs таңдаңыз > Сақтау орны (Жад) > Деректерді өшіру.]
[Тақырып бойынша:]
[Қандай да бір жүктелген бағдарлама смартфонның жұмысына әсер етуі мүмкін.]
[Егер қауіпсіз режимде зарядтау уақыты қысқарса, жүктелген бағдарламаларды ақаулық жойылғанға дейін бір-бірлеп жойыңыз. Соңғы жүктелген немесе жаңартылған нұсқадан бастауға болады.]
[Зарядтау құрылғысында ток пен кернеу параметрлерін қарап, олардың сәйкестігін тексеріңіз. Сіз дұрыс емес қуат көзін пайдаланып жатқан боларсыз.]
[Құрылғының басқа розеткада зарядталып жатқанын тексеріңіз, бұл розеткада кернеу жеткіліксіз болуы мүмкін.]
[Сондай-ақ, зарядтау құрылғысын басқа қуат көзімен тексеру қажет, сіздікі ақаулы болуы мүмкін.]
[Егер сіз құрылғыға қосылған Góóg~lé есептік жазбасының деректері есіңізде болса, смартфонның бағдарламалық жасақтама қателерін болдырмау үшін параметрлерді қалпына келтіріңіз. Өкінішке орай, бұл жағдайда смартфонның жадына жазылған барлық деректер жойылады.]
[Егер барлық алдыңғы қадамдар көмектеспесе, қызмет көрсету орталығына хабарласуды ұсынамыз.]
[Қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде, тек зарядтау құрылғысы ақаулы болса да, смартфонды/планшетті де, жиынтық зарядтау құрылғысын да тапсыру қажет болады.]
[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]
[Барлық сұрақтарға жауаптар]