[Sáms~úñg теледидарында спутниктік арналарды қалай табуға және орнатуға болады]
[Мазмұны]
- [Спутниктік антеннаны Sáms~úñg теледидарына қалай қосуға болады]
- [Антенна Sáté~llít~é ағытпасына қосылған болса, арналарды қалай табуға болады]
- [Антенна спутниктік ресиверге қосылған болса, арналарды қалай табуға болады]
- [Кодталған арналарды көру мүмкін емес. Не істеу керек¿]
- [Эфирлік (кәдімгі антенна арқылы) немесе кабельдік телевизияны қалай баптауға болады]
[Спутниктік антеннаны Sáms~úñg теледидарына қалай қосуға болады]
[Алдымен спутниктік антеннаны теледидарға қосыңыз. Спутниктік антенна екі тәсілмен қосылады:]
[Теледидарда Sáté~llít~é ағытпасы болса, антенна теледидарға тікелей қосылады. Теледидар антеннадан сигналды дербес қабылдап, бейнені экранда шығарады.]
[Теледидарда Sáté~llít~é ағытпасы болмаса, антенна спутниктік ресивер – антеннадан сигнал қабылдап, бейнені теледидарда көрсететін құрылғы арқылы қосылады.]
[Сырттай ресивер кәдімгі бейнемагнитофонға ұқсайды. Антеннаны қосқаннан кейін арналарды табыңыз. Арналарды іздеу тәсілдері теледидарға және антеннаны қосу тәсіліне байланысты.]
[Антенна Sáté~llít~é ағытпасына қосылған болса, арналарды қалай табуға болады]
[Тақырып бойынша:]
[2019-2015 жылғы Sáms~úñg теледидарларында (T~, R, Ñ, M, Q~, LS, K, J~ сериялары) жұмыс істейді.]
[Ең оңай тәсіл. Теледидар арналардың бекітілген тізімін алады, ретін баптау немесе қажетсіздерін жою мүмкін болмайды.]
- [Спутниктік антеннаны Sáté~llít~é ағытпасына қосқаннан кейін теледидарды қосып, мәзірге кіріңіз.]
- [«Трансляция» бөліміне кіріп, «Автоматты түрде баптау» тармағын таңдаңыз.]
- [«Іске қосу» басыңыз.]
- [«Антенна» тармағында тізімнен оператордың атын таңдаңыз.]
- [Арналарды іздеу үшін «Сканерлеу» басыңыз.]
- [Арналарды іздеу аяқталғанша күтіңіз.]
- [Дайын. «Жабу» батырмасын басып, мәзірден шығыңыз.]
[2019-2012 жылғы Sáms~úñg теледидарларында (T~, R, Ñ, M, Q~, LS, K, J~, H, F, É, D~ сериялары) жұмыс істейді.]
[Теледидар барлық қолжетімді арналарды табуы үшін көп уақыт қажет. Ретін баптау немесе қажетсіздерін жою мүмкін емес болады.]
- [Спутниктік антеннаны Sáté~llít~é ағытпасына қосқаннан кейін теледидарды қосып, мәзірге кіріңіз.]
- [«Трансляция» бөліміне кіріп, «Автоматты түрде баптау» тармағын таңдаңыз.]
- [«Іске қосу» басыңыз.]
- [«Антенна» тармағында «Спутниктік антенна» тармағын таңдаңыз.]
- [Баптау үшін қажетті параметрлерді орнатыңыз:
— Тапқыңыз келетін арналардың түрін таңдаңыз: радиоарналар, теледидар арналары немесе барлығы;
— Тізімнен қажетті спутникті таңдаңыз. Спутниктің атын спутниктік оператордан анықтаңыз; Қажетті спутник тізімде болмаса, арналарды қолмен іздеңіз.
— «LÑB баптаулары» тармағына барлық деректерді енгізіңіз. Мәндерді спутниктік оператордан анықтаңыз;] - [Деректерді енгізгеннен кейін сигнал сапасын тексеріңіз.]
- [Сигнал сапасы 100 мен 80 арасында болса, «Жабу» басыңыз.]
- [Сигнал сапасы 80 төмен болса, Тон - 22Кгц өшіріп көріңіз. Бұл көмектеспесе, антеннаның орнатылуын және қосылымын тексеріңіз. Сигналдың төмен сапасы антеннадан нашар сигнал келіп жатқанын көрсетеді. Теледидар арналарды таба алмайды немесе оларды кедергімен көрсетеді.]
- [Арналарды іздеу үшін «Сканерлеу» басыңыз.]
- [Арналарды іздеу аяқталғанша күтіңіз.]
- [Дайын. «Жабу» батырмасын басып, мәзірден шығыңыз.]
[Теледидар кейбір арналарды таппаса, арналарды қолмен іздеп көріңіз.]
[2020-2012 жылғы Sáms~úñg теледидарларында (T~, R, Ñ, M, Q~, LS, K, J~, H, F, É, D~ сериялары) жұмыс істейді.]
[Бұл көп уақытты алады, әрбір транспондердің параметрлерін білу керек. Тек қажетті арналарды табуға және олардың ретін баптауға мүмкіндік береді.]
- [Спутниктік антеннаны Sáté~llít~é ағытпасына қосқаннан кейін теледидарды қосып, мәзірге кіріңіз.]
- [«Трансляция» бөліміне кіріп, «Қосымша баптаулар» тармағын таңдаңыз. Егер бұл тармақ жоқ болса, «Арна баптаулары» тармағын таңдаңыз.]
- [«Спутниктік жүйе» тармағын таңдаңыз. Бұл тармаққа кіру үшін PÍÑ-кодты енгізіңіз. Әдепкі мәні 0000.]
- [«Спутникті таңдау» ашыңыз, Úsér~ Sát (кез келген) таңдаңыз. Басқа ✓ бар болса, оларды алып тастаңыз. «Сақтау» басыңыз.]
- [Өшірілген болса, «LÑB қуат көзі» тармағын қосыңыз.]
- [«LÑB баптаулары» тармағын таңдаңыз.]
- [Баптау деректерін енгізіңіз:
— Транспондер баптауларын қойыңыз;
— DíSé~qC режимі пайдаланылмаса, ол өшірілгеніне көз жеткізіңіз;
— Жоғарғы LÑ~B және Төменгі LÑB~ орнатыңыз;
— LÑB түріне байланысты Тон - 22 КГц орнатыңыз. Әмбебап L~ÑB үшін Авто таңдаңыз.] - [Барлық деректерді спутниктік оператордан анықтаңыз.]
- [Деректерді енгізгеннен кейін сигнал сапасын тексеріңіз.]
- [Сигнал сапасы 100 мен 80 арасында болса, «Жабу» батырмасын басыңыз. Сигнал сапасы 80 төмен болса, Тон - 22Кгц өшіріп көріңіз. Бұл көмектеспесе, антеннаның орнатылуын және қосылымын тексеріңіз. Сигналдың төмен сапасы антеннадан нашар сигнал келіп жатқанын көрсетеді. Теледидар арналарды таба алмайды немесе оларды кедергімен көрсетеді.]
- [«Қосымша баптаулар» тармағына оралыңыз («Артқа» батырмасын пайдаланып) және «Баптаулар» тармағын қолмен таңдаңыз. «Қосымша баптаулар» тармағы жоқ болса, «Арна баптаулары» тармағын таңдаңыз.]
- [Транспондер → Жасау таңдаңыз.]
- [Баптау деректерін енгізіп, «Сақтау» басыңыз. Деректерді спутниктік оператордан анықтаңыз.]
- [Арналарды бір транспондерде табу қажет болса, «Желіні іздеу» тармағында «Өшіру» таңдаңыз. Барлық арналарды табу қажет болса – «Қосу» таңдаңыз.]
- [«Іздеу» батырмасын басыңыз. Арналарды іздеу аяқталғанша күтіңіз.]
- [Дайын. ÓK батырмасын басып, мәзірден шығыңыз.]
[Антенна спутниктік ресиверге қосылған болса, арналарды қалай табуға болады]
[Арналарды іздемес бұрын теледидарды спутниктік ресиверге қосыңыз (HDMÍ~, қызғалдақтар немесе басқа кабель арқылы).]
[Содан кейін ресиверді баптаңыз. Мұны қалай істеу керек, пайдалану нұсқаулығынан қараңыз немесе спутниктік операторға хабарласыңыз.]
[Кодталған арналарды көру мүмкін емес. Не істеу керек¿]
[Кодталған арналарды көру үшін CÁM модулін теледидарға қосыңыз. C~ÁM модулін спутниктік оператордан немесе электроника дүкендерінде сатып алыңыз.]
[Эфирлік (кәдімгі антенна арқылы) немесе кабельдік телевизияны қалай баптауға болады]
[Спутниктік телевизияны баптау эфирлік немесе кабельдік телевизияны баптаудан ерекшеленеді.]
[Төмендегі бөлек мақаланы пайдаланыңыз.]
[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]
[Барлық сұрақтарға жауаптар]