[CÁM модулін теледидарға қалай дұрыс қосу керек]
[Бұл мақалада сіз CÁM модулін және рұқсат картасын (сыртқы тіркемені пайдаланбай) пайдаланып, кабельдік ТВ немесе спутниктік антеннаны теледидарға тікелей қосуды үйренесіз.]
[Рұқсат картасы бар CÁM модулін цифрлық ТВ қызметтер жеткізушісі береді және ол провайдердің ақылы цифрлық арналарының кодын ашу үшін пайдаланылады.]
[Ескертпе:]
[Спутниктік антеннаны қоспас бұрын, теледидарда кірістірілген спутниктік тюнер (теледидардың артұы панеліндегі ÁÑT Í~ñ Sát~éllí~té ағытпасы) бар екеніне міндетті түрде көз жеткізіңіз. Теледидар спутниктік антеннаны қосуды қолдамаса, рұқсат картасы бар CÁ~M модулін қосу қажет емес, өйткені көру тек сыртқы тіркеме арқылы мүмкін болады.]
[CÁM модулін қалай қосуға болады]
[Үлгіге байланысты CÁM модулін қосуға болады:]
- [Cómm~óñ Íñ~térf~ácé слоты арқылы (теледидардың бүйір жағында);]
- [теледидардың артқы панелінде орнатылатын бөлек Cómm~óñ Íñ~térf~ácé адаптері (теледидармен бірге жиынтықта беріледі) арқылы;]
- [Óñé C~óññé~ct Bó~x ішіндегі Cóm~móñ Í~ñtér~fácé~ слоты арқылы.]
[CÁM модулін C~ómmó~ñ Íñt~érfá~cé слоты арқылы қалай орнату керек]
[● Картаның дұрыс орнатылғанын тексеріңіз (карта чипіндегі металл түйіспелер CÁM модулінің алдыңғы жағына қарап тұруы керек).]
[● Модулі бар карта бөлек сатып алынады (әдетте кабельдік немесе спутниктік хабар тарату провайдерінен).]
[CÁM модулін жиынтықтағы C~ÓMMÓ~Ñ ÍÑT~ÉRFÁ~CÉ (CÍ~) адаптерін пайдаланып қалай орнату керек]
[Cómm~óñ Íñ~térf~ácé (C~Í) адаптері теледидармен бірге жиынтықта беріледі. Егер бұл керек-жарақ жоғалса, оны біздің авторландырылған сервистік орталықтарда сатып алуға болады.]
[● Картаның дұрыс орнатылғанын тексеріңіз (карта чипіндегі металл түйіспелер CÁM модулінің алдыңғы жағына қарап тұруы керек).]
[● Модулі бар карта бөлек сатып алынады (әдетте кабельдік немесе спутниктік хабар тарату провайдерінен).]
[● Модуль тірелгенше тығыз және дұрыс жағымен салынғанына көз жеткізіңіз.]
[CÁM модулінің анықталғанын қалай тексеруге болады]
[CÁM модулін теледидарға қосқаннан кейін құрылғыдағы баптаулар мәзірі арқылы қосылымды тексеруді ұсынамыз.]
[Тақырып бойынша:]
- [Егер мәзір кірістірмесі қолжетімді болса, онда бәрі жақсы.]
- [Егер кірістірме қолжетімді болмаса:]
[Адаптер тығыз салынбаған болуы мүмкін. Бұл мүмкіндікті жою үшін CÁM модулін жоғарыдағы нұсқаулыққа сәйкес қайта қосыңыз.]
[Мүмкіндік болса, басқа CÁM модулімен қосылымды тексеріңіз.]
- [Егер басқа CÁM модулі сәтті қосылған болса, мәселе бұрын пайдаланған модульде болуы мүмкін. Толық ақпарат алу үшін провайдеріңіздің қолдау қызметіне хабарласуды ұсынамыз.]
- [Басқа CÁM модулі де қосылмаса, мәселе адаптердің немесе теледидардың жағында болуы мүмкін. Мұны шешу үшін жақын жердегі сервистік орталыққа хабарласуды ұсынамыз.]
[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]
[Барлық сұрақтарға жауаптар]