[Sáms~úñg теледидар экранындағы сызықтар, жолақтар, қара дақтар, дақтар]

[Соңғы жаңартулардың күні : 14.03.2025]

[Бұл мақалада сіз теледидар экранындағы сурет анық емес немесе бұлыңғыр болған жағдайға арналған ұсыныстарды таба аласыз.]

1 [Экранды мұқият тексеріңіз.]

[Экранда механикалық зақымдардың жоқтығына көз жеткізіңіз: жарықтар, ойықтар, соққы іздері.]

2 [Бейне сынағын бастаңыз.]

[Бейне сынағы мәселенің теледидарда ма, әлде сигналда ма екенін тексеруге көмектеседі.]

3 ["Қозғалысты жарықтандыру" функциясын өшіріңіз.]

[Егер сіздің теледидарыңызда бұл функция болса, өшіріңіз. «Баптау» — «Жалпы» — «үнемді режим» — «Қозғалысты жарықтандыруды» өшіріңіз. Бейнені тексеріңіз.]

  • [Егер ақау жоғалып кетсе, онда теледидармен бәрі дұрыс, оны әрі қарай пайдаланыңыз.]
  • [Егер ақау қалса, келесі ұсынысқа өтіңіз.]
4 [Теледидар баптауларын түпкі қалпына келтіруді орындаңыз]

[Қалпына келтіру теледидарды зауыттық күйіне қайтарады және қателерді жояды.]

[Қалпына келтіргеннен кейін суретті тексеріңіз.]

[Егер ақау жоғалып кетсе, онда теледидармен бәрі дұрыс, оны әрі қарай пайдаланыңыз.
Егер ақау қалса, келесі ұсынысқа өтіңіз.]

5 [Теледидардың микробағдарламасын жаңартыңыз.]

[Егер теледидар үшін жаңа микробағдарлама болса, оны орнатыңыз. Егер жаңа микробағдарлама болмаса, келесі ұсынысқа өтіңіз.]

[Бағдарламалық жасақтаманы жаңартқаннан кейін бейнені тексеріңіз.]

  • [Егер ақау жоғалып кетсе, онда теледидармен бәрі дұрыс, оны әрі қарай пайдаланыңыз.]
  • [Егер ақау қалса, келесі ұсынысқа өтіңіз.]
6 [Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз]

[Егер жоғарыдағы ұсыныстар көмектеспесе, теледидарда ақау бар. Жөндеу үшін Sáms~úñg қызмет көрсету орталығына жүгініңіз]

[[Егер теледидар суық ортада болса]]

[Егер теледидар суық ортада сақталған/тасымалданған болса және экранда дақтар байқалса, оны қосып, кем дегенде үш сағат жұмыс істеуге қосулы қалдырыңыз.  Дақтар аздаған конденсаттың әсерінен пайда болған және жұмыс барысында ол буланып жоқ болып кетеді.]

[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]