[Sáms~úñg теледидарындағы сурет тым күңгірт болса не істеу керек]

[Соңғы жаңартулардың күні : 23.12.2024]

[Теледидар экранында сурет кез келген арналарда, параметрлер мәзірінде және кез келген бұрыштан күңгірт болып көрінсе, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.]

[Теледидардағы сурет]

[1-қадам. Теледидарды розеткадан 1-2 минутқа өшіріп, қайта қосыңыз. Егер теледидарда бағдарламалық жасақтама ақауы болса, қайта жүктегеннен кейін сурет жарқын болады.]

[2-қадам. Сурет параметрлерін қалпына келтіріңіз.]

[Мәзір > Сурет > Суретті қалпына келтіру тармағына өтіңіз. Иә түймесін басыңыз.]

[Сурет параметрлеріндегі барлық өзгерістер қалпына келтіріліп, Стандартты сурет режимі орнатылады.]

[3-қадам. Теледидар параметрлерін қалпына келтіріңіз.]

[4-қадам. Теледидардағы бағдарламалық жасақтаманы жаңартыңыз.]

[5-қадам. Егер барлық алдыңғы қадамдар көмектеспесе, қызмет көрсету орталығына хабарласуды ұсынамыз.]


[Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз¡]